Вагондар ауа баптау, бейнебақылау және өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. Тоңазытқыштар, микротолқынды пештер, ішетін суы бар диспенсерлер және ыстық су титаны бар. Электр розеткалары орнатылған. Жаңа вагондармен елдің батыс бағытында жүретін құрамдарды жаңарту жоспарлануда.
Сондай-ақ 2025 жылдан бастап Қоғам паркіне Stadler компаниясының экологиялық таза дәретхана кешендерімен, электр розеткаларымен, бейнебақылау жүйесімен, USB, сондай-ақ ауаны баптау жүйесімен жабдықталған заманауи вагондары қосыла бастайды. 2030 жылға дейін 537 вагон сатып алу көзделген.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандарының сөзіне сүйенсек, соңғы он жыл ішінде жолаушылар вагоны паркінің 50% жаңартылған. Қауіпсіздік, жайлылық және экологиялық талаптарға сай келетін 1200-ден астам заманауи вагон сатып алынған.