К 30-летию Независимости Казахстана | 14 ақпан 16:00

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне жеңілдіктер жариялады

Ұлттық тасымалдаушы «Сәтті сәрсенбі» акциясын іске қосты. Жолаушылар 2023 жылғы 15, 22 ақпанда және 1, 8, 15 наурызда жөнелтілетін пойыздарға билеттерді 50% дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.

Акция келесі бағыттарға жарамды:

№ 3/4 Алматы – Астана – Алматы (Тұлпар-Тальго); №9/10 Алматы – Астана – Алматы (Бәйтерек); №37/38 Маңғыстау – Семей - Маңғыстау; №45/46 Павлодар – Түркістан – Павлодар; №47/48 Атырау – Астана – Атырау; № 65/66 Жезқазған – Астана – Жезқазған (Тұлпар-Тальго); № 79/80 Астана – Арқалық – Астана (Тұлпар-Тальго); № 81/82 Астана – Қостанай – Астана (Тұлпар-Тальго); №313/314 Атырау – Маңғыстау – Атырау; №613/614 Бейнеу – Орал – Бейнеу; №623/624 Астана – Петропавл – Астана.

«Алтын», «Күміс», «Жастар», «Саяхатшы» жеңілдік карталарын ұстаушылар қосымша жеңілдік ала алады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.