Осы жылдың ақпан айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Северный» жолаушылар тасымалы аймақтық филиалында пластикалық және алюминий ыдыстарды қабылдау пункті ашылды. Бұл теміржолшылардың шикізатты қайта өндеуге қабылдау қызметтерінің өкілдерімен бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.⠀
Өнімді тапсырған әрбір қызметкерге қоқысты қайта өңдеу компаниясы прейскурантқа сәйкес ақшалай сыйақы төлейді:
кез келген түрдегі пластикалық бөтелке – 5 теңге; қаңылтыр банк – 2 теңге.Тек 2022 жылдың 1-10 ақпан аралығында «Северный» аймақтық филиалының қызметкерлерімен 5 894 пластикалық бөтелке мен 933 банка қайта өңдеуге жіберілді.