11 қаңтарға Алматы-2 станциясынан қосымша пойыздар ұйымдастырылды:
«Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №203 пойыз Алматы-2 станциясынан 19 сағат 41 минутта жолға шығып, Нұр-Сұлтанға а.ж. 12 қаңтарында 16 сағат 35 минутта келеді. «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №205/206 пойызы бүгін сағат 22.05-те жолға шығады. Елордаға 12 қаңтарда сағат 19.13-те келеді. Одан әрі осы пойыз Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 12 қаңтарда шығып, 13 қаңтарда сағат 20.05-те Алматыға келеді.