Қардың күрт еруінен «Ақтөбе-Атырау» республикалық тас жолын су басып қалды. Сол себепті «Ақтөбе-Алға-Қандыағаш» аумағы бойынша автокөліктердіің жүруіне шектеу қойылды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ тасжолда қалған 100-ге жуық адамды пойызбен алып шықты. Бұл жұмыс Ақтөбе жол және магистралдық желі бөлімшелері, жергілікті әкімдіктермен бірлесе атқарылды.