Жылжымалы құрамды жазғы тасымалдарға дайындау барысында вагондардың тиісті эстетикалық түрін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі және вагондардың санитарлық – техникалық жағдайын жақсарту мақсатында шаралар қабылданады (шанақтардың сыртын жуу және жүріс бөліктерін тазалау, тамбурларды, титандарды, жылу жүйелерінің құбырларын сырлау, қажет болған жағдайда дәретханаларды, қол жуатын тостағандарды, еден жабындарын, араластырғыштарды және т.б. ауыстыру жұмыстары жүргізіледі).
Сондай-ақ вагондарды дайындау кезінде ауаны баптау және желдету жүйелерін ретке келтіру, фреонды толтыру, ауа өткізгіштерді тазалау, аккумуляторлық батареялардың тығыздығын түзету және басқа да жұмыс түрлері бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жылжымалы құрамды жаңарту және вагондардың шығуына байланысты жолаушылар орнының болжамды тапшылығын жабу мақсатында Қоғам вагондардың жолаушылар паркін жаңарту бойынша жұмыс істеуде. 10 жыл ішінде пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты шамамен 1200 вагонды ауыстыру жоспарлануда.