Кездесуде ҚТЖ адам ресурстарын басқару департаментінің өкілдері тағылымдаманың қалай өтетіні және жас мамандардың даму үшін қандай мүмкіндіктер алатыны туралы айтып берді.
"Жас Темір" бағдарламасы ҚТЖ-ның бейінді оқу орындарымен өзара іс-қимылының жол картасы шеңберінде іске асырылуда. Бағдарлама алғаш рет 2022 жылы басталды, оған 38 студент қатысты.
Биыл бағдарламаға қатысу үшін 37 өтінім келіп түсті. Тағылымдамадан өтушілер іріктеудің үш кезеңі: кандидаттарды тіркеу бойынша бастапқы нәтижелері, құзыреттері бойынша сұхбаттасу және конкурстық комиссиямен қорытынды әңгімелесуден өтті.
Нәтижесінде 8 үміткер "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС, "ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері" ЖШС және "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалында ақылы тағылымдамадан өтеді.
Тағылымдамадан өтушілер ҚТЖ компаниялар тобында үш ротациядан өтеді, олардың әрқайсысы 5 айға созылады. 1,5 жылдан кейін бағдарламаға қатысушы Қазақстан ірі компаниясында мансабын бастай алады.
ҚТЖ-дағы тағылымдама - жоғары оқу орындарының түлектері үшін өзін танытуға және алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға бірегей мүмкіндік.