Қазпоштаның кедендік оператор мәртебесі бар және ол шекарадан өткен кезде жүктер мен сәлемдемелерді ресімдеуге көмектесе алады. «Қазпошта» АҚ пошта-логистикалық қызмет көрсетуді жетілдіреді және келесі қызмет түрлерін ұсынады:
Кедендік құжаттардың толық пакетін ресімдеу; Кедендік брокерді сүйемелдеу.«Қазіргі уақытта қызметтер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларында қолжетімді. Жоспарда – барлық облыс орталықтарында жүктерді кедендік ресімдеуді жүргізу. Компания клиенттерінің қатарында ШОБ өкілдері, ірі компаниялар, сондай-ақ жеке тұлғалар бар» делінген хабарламада.
Жеке тұлғалар сәлемдемені келесі жағдайларда кедендік ресімдеу қажет:
сәлемдеме құрамының құны 200 еуродан асқанда; Жөнелтілім салмағы 31 келіден асқан жағдайда.