К 30-летию Независимости Казахстана | 19 ақпан 16:46

Жүк тасымалы қатаң бақылауда

Ағымдағы жылдың 18 ақпанындағы жағдай бойынша қытайлық Алашаңқай станциясында зығыр, күнбағыс және арпа тұқымдары бар 32 ірі, сондай-ақ мыс пен күкірт тиелген ұзақ уақыт тұрып қалған 39 вагон түсірілді, деп хабарлайды SKnews.kz «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келесі кезеңде – мақта артылған 15 жабық вагон түсірілмек.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесовтың айтуынша, жағдай Ұлттық тасымалдаушының жіті бақылауында, күн сайын Алашаңқай және Достық станцияларындағы диспетчерлік аппараттардың сағаттары салыстырылып, тасымалдау процесін реттеу бойынша шаралар қабылданады.

Еске салайық, коронавирусты таратпау жөніндегі карантиндік шаралардың күшеюі нәтижесінде қытайлық тарап жүк вагондарын қабылдауды қысқартты, соның салдарынан ҚР аумағында ҚХР бағытындағы жылжымалы құрамдардың ұзақ тұрып қалуы пайда болды.

Ағымдағы жыл қаңтарының соңындағы қытайлық тараппен жүргізілген келіссөздер өз нәтижесін бере бастады. Вагондарды қабылдау бойынша жұмыстар қыза түсті.