К 30-летию Независимости Казахстана | 12 тамыз 11:41

Жүк тасымалының 700-ден астам қызметкері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша теміржолда қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға, тұрғындар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті сіңіруге бағытталған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы өткізіледі.

Акцияға "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС өңірлік және желілік құрылымдық бөлімшелерінің 700 астам қызметкері қатысты.

Акция барысында темір жол аумақтарын көгалдандыру, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік объектілердің 440 мың шаршы метрден астам аумағы қоқыстан тазартылып, 350 көшет пен 200 гүлзарлы гүлдер отырғызылды. Қоқысты бөлек жинаудың экологиялық бағдарламасы бойынша 13 тоннаға жуық қалдық жиналды.

Қызметкерлер жұмыс кеңістігін үнемі тазалап, жеке заттар мен керек-жарақтарды сақтау ережелерін ұстанып келеді. Бұл жұмыстың тиімділігін және ұжымдағы жалпы жайлылықты арттыруға ықпал етеді.

 

Теміржолшылар сенбіліктерді өткізумен шектелмеді. Көктем мен жаз мезгілдерінде жұмысшылар жеке көліктерден көліктің экологиялық түрі: велосипедтер мен самокаттармен жұмысқа барып келеді, тіпті де жаяу жүре бастады.