К 30-летию Независимости Казахстана | 10 қараша 16:00

Жүк вагонын шығару бойынша жаңа рекорд тіркелді

Жүк вагон өндіретін америкалық FreightCar America (FCA) компаниясы 2022 жылдың үшінші тоқсан қорытындысы бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізді, деп хабарлады Rail-news.kz.

Дәлірек айтсақ, аталған компанияның Мексикадағы зауыты биыл жүк вагондарын өндіру бойынша рекорд жасаған. Бұл зауыт 2019 жылы мексикалық Fabricaciones y Servicios de México компаниясымен ынтымақтастықта ашылған.

Осы жылдың шілде-қыркүйек аралығында FreightCar America компаниясының табысы өткен жылға қарағанда 47,1 %-ға артып, 85,7 млн долларға жеткен. Ал, тапсырыс берушілерге 783 вагон жеткізілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда  55%-ға артық. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша 276 млн доллар сомасында 2 529 вагонға тапсырыс түскен. 2021 жылдың 9 айында  1 895 вагонға тапсырыс берілген.

Компания осы жылдың қорытындысы бойынша 3000-3200 вагон шығарып, 340-360 млн доллар көлемінде табысқа кенелеміз деген болжам жасап отыр.