К 30-летию Независимости Казахстана | 02 наурыз 12:00

Жүк заңгерлері сот ісін жүргізудің озық тәжірибелерімен алмасты

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де жол бөлімшелерінің заң қызметі өкілдерінің қатысуымен сот және сот ісі мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – озық сот тәжірибесімен алмасу үшін заңгерлер мен жол бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС заң қызметтері әртүрлі аймақтарда ұқсас жағдайларда қолдануға болатын ондаған түрлі табысты сот тәжірибесін қалыптастырады.

Баяндамашылар тыңдаушыларға істерді қараудың негізгі нормалары мен ерекшеліктерін еске салып, түрлі қиындықтарға жеке тоқталып, оларды шешу жолдарын айтты.

Ұсынылған сот істеріне шолулар арнайы жинаққа енгізіледі.