Әлеуметтік маңызы бар жүктерді (көмір мен астықты) тасымалдау ҚТЖ-ның ерекше бақылауында қалып отыр. 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында теміржолмен 26,3 млн тонна тас көмір тиеліп, қазақстандықтарға 19,5 млн тоннасы жеткізілді. Экспортқа 6,8 млн тонна қатты отын жөнелтілді.
Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша шамамен 2,2 млн тонна астық тиелсе, оның ішінде экспортқа – 1,6 млн тонна.
Бірінші тоқсанда темір және марганец кендерін тасымалдау 17% (5 млн тонна), түсті кен мен күкірт шикізатын тасымалдау 16,5% (5,8 млн тонна), мұнай жүктерін тасымалдау 6% (4,7 млн тонна) өсті.
Мұнай жүктерінің экспорты 22% (1,3 млн тонна), химиялық тыңайтқыштардың экспорты 16,7% (338 мың тонна), темір және марганец кендерінің экспорты 22,4% (2,8 млн тонна) ұлғайды.