К 30-летию Независимости Казахстана | 04 маусым 12:31

Жыл аяғына дейін Алматы жылу-электр орталықтарына газ инфрақұрылымы тартылады - QazaqGaz

«QazaqGaz» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Акбар Төлегенов Алматының жылу-электр орталықтандырн газ турбиналарына көшіру жобасына қалай атсалысып жатқанын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

«Экология саласына байланысты айтсақ, жақын келешекте Алматы қаласын газдандыруға өзіміздің үлкен үлесімізді қосамыз. Әңгіме № 2 және № 3 жылу-электр орталықтары болып тұр. Біз бұл бағытта жоғары және төменгі бөлікте де жоба әзірлеп жатырмыз», - деді ол Астанада өтіп жатқан «Sustainable Trends Forum Kazakhstan — 2024» форумында. 

Сондай-ақ, Акбар Төлегенов аталмыш жобадағы QazaqGaz-дың жұмысы биыл аяқталатынын атап өтті.

«QazaqGaz Aimaq»-тағы әріптестеріміз осы процестің ақтық сатысының бірін іске асырып жатыр.

«Биыл аяқтаймыз деп үміттенемін. Осылайша жыл аяғына дейін жылу-электр орталықтарына газ инфрақұрылымын тартып, Алматы тұрғындарын қауанта аламыз деп ойлаймын», - деді компания өкілі.