Жыл соңына дейін ҚТЖ ай сайын 1 млн тоннадан астам астық тасымалдауға дайын. Ол үшін барлық ресурстар бар. Мәселен, ҚТЖ қараша айында 1,2 млн тонна астық, желтоқсанда 1,3 млн тонна астық тасымалдауды болжап отыр. Қараша айында экспортқа 890 мың тоннадан астам астық, желтоқсанда 970 мың тоннадан астамы жөнелтілетін болады.
2024 жылға арналған жалпы көлемнің болжамы шамамен 10,2 млн тонна астықты құрайды, оның ішінде экспортқа 7,8 млн тонна. Орталық Азия елдеріне экспорт 4,7 млн тоннаны, ҚХР-ға 1,6 млн тоннаны құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ астықты ел ішінде тасымалдауды 8%-ке, 2,4 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.