К 30-летию Независимости Казахстана | 30 қазан 17:10

Жыл басынан бері Достық станциясы арқылы өткен пойыз саны 4 мыңнан асты

2020 жылдың 27 қазанында Польшадан келе жатқан Қытай – Еуропа бағытындағы  4 мыңыншы пойыз Достық станциясынан жолға шықты, деп хабарлайды SKnews.kz «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың басынан Достық станциясы арқылы өткен Қытай – Еуропа пойыздарының саны 4 мыңнан асса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 43,16%-ға көп. Бұл бағыттағы жүк тасымалының көлемі 2,874 млн тоннадан асып отыр. Достық станциясы арқылы өткен Еуропа – Қытай тиелген пойыздарының үлесі 95,8%-ға жеткен. Салыстырар болсақ, 2014 жылы бұл үлес 9,1%-ды құраған еді.

«KTZ Express өз тарапынан логистикалық инфрақұрылым құру мен пойыздар қозғалысы жылдамдығы көрсеткіштерін барынша арттыру  бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінде транзит жылдамдығының көрсеткіші – тәулігіне 1 167 км», – дейді «ҚТЖ Экспресс» АҚ Бас директоры Дмитрий Абдуллаев.