К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қараша 13:15

Жыл басынан бері Қазтеміртранс теміржол паркі 814 вагонға жаңарды

2025 жылы 1200 астам жүк вагонын сатып алу жоспарда бар.

Биылғы жылдың басынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ паркі 814 вагонға жаңартылды.

Тек қазан айында қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін және 70 тоннаға дейін жүк көтергіштігін қоса алғанда, барлық қажетті техникалық сипаттамалары бар 465 жартылай вагон сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 536 жартылай вагон жеткізу жоспарлануда.

2025 жылы 1200 астам жүк вагонын сатып алу жоспарлануда.

Жылжымалы құрам астық, көмір және басқа да әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау үшін қолданылады.