К 30-летию Независимости Казахстана | 10 қыркүйек 13:38

Жыл басынан бері ҚТЖ желісі арқылы 165 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

2024 жылғы қаңтар-тамызда ҚТЖ желісі бойынша 165,5 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Экспортқа 55,8 млн тонна жөнелтілді. 

Ел ішінде темір жол көлігімен тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%, яғни 109,7 млн тоннаға дейін өсті.

Тас көмір тиеу 63,2 млн тоннаны құрады,  ел ішінде теміржолшылар ЖЭО мен тұрғындар үшін 45,4 млн тонна қатты отын тасымалдады.  

Республика бойынша астық тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 11,3% өсіп, 1,5 млн тоннадан асты. Барлығы 5,7 млн тонна астық тасымалданды.

2024 жылдың сегіз айы қорытындысы бойынша мұнай жүктерін тиеу 3,2% - ке, 12,7 млн тоннаға дейін, қара металдар тиеу 3,8% - ке, 2,9 млн тоннаға дейін, темір кені мен марганец тиеу 4,7% - ке, 14,2 млн тоннаға дейін, түсті кен мен күкірт шикізатын тиеу 10,6% - ке, яғни 16,4 млн тоннаға дейін ұлғайды.