Wabtec және Alstom компанияларының технологиялары бойынша локомотивтер, сондай-ақ жүк және жолаушылар вагондарының өндірісі жолға қойылған.
«Теміржол машиналарын жасау дамудың үлкен әлеуетін білдіреді. Қазіргі уақытта жылжымалы құрамның жалпы паркі шамамен 139 мың бірлікке жетеді. Орташа тозу – 55%. Осыған байланысты жаңа жобаларды іске қосу жұмыстары жүргізілуде», — деді министр.
Мәселен, биыл «ТексолТранс» компаниясы қуаты жылына 6 мың бірлік жүк вагондары мен цистерналар өндіру бойынша жобаны іске асыруды бастады. 2025 жылы қуаты жылына 100 бірлік болатын «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады.
«Семей машина жасау зауыты» жылына 600 бірлік жартылай вагон өндірісін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде. «Railcast Systems» бандаж кешенін құру бойынша жоба іске асырылуда, іске қосу мерзімі 2025-2026 жылдар. Сондай-ақ 2024 жылдың соңында Қостанай облысында серіппелер шығаратын зауыт іске қосылады деп жоспарлануда.
2025 жылы «Шығысмашзауыт» цехты жаңғыртуды аяқтауды жоспарлап отыр, бұл орта және ірі вагон құюды импортты алмастыруды қамтамасыз етеді.