Беделді сараптамалық комиссия ең алдымен ақпараттың толықтығы мен ашылу сапасын, атап айтқанда, түсінікті болуы, анықтылығы, маңызы сынды сапалық сипаттамаларын бағалаған.
Жылдық есептер байқауын 2018 жылы «Қазақстандық қор биржасы» АҚ қолдауымен «Қазақстан РА Сарапшысы» рейтингтік агенттігі жүргізген. Шара шеңберінде қазақстандық компаниялардың 107 жылдық есебі талданған. Аталған байқауға кез-келген қазақстандық компанияның қатысу мүмкіндігі болғаны атап өтіліп отыр.
Былтыр Компанияның Директорлары кеңесі «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекітті.