«Команда биылғы жылы Қазақстан чемпионы атанып, компания абыройын асқақтатты, – деп атап өтті Дәулетжан Хасанов кездесу барысында. – Бұл – үлкен жетістік және салауатты өмір салтын насихаттауға, спортты дамытуға қосқан зор үлес, әрине, мұндай жеңістер компанияның имиджін арттыруға ықпал етеді. Ала доп шеберлеріне шын жүректен алғыс айта отырып, келер жылы да жеңіс жолын жалғастырады деп үміттенемін».
Компания басшылығы команда ойыншыларына бағалы сыйлықтар табыстап, футбол турнирлерінде жаңа жеңістер тіледі.
Өз кезегінде өндірістік департамент директоры Айдос Түйебаев басшылыққа жылы қабылдағаны үшін өз ризашылығын білдірдіп, компания мұражайына чемпиондық кубоктарын сыйға тартты.
Естеріңізге салсақ, биыл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ құрамасы бірнеше беделді турнирлерде жеңіске жетті: маусым айында біздің екі команда да (45+ ардагерлері және 50+ ардагерлері) Ресей Федерациясының Ульяновск қаласында «SIMBIRSK CUP» шағын футболдан өткен халықаралық турнирінде бірінші орынға ие болды.
Тамыз айында шағын футболдан Қазақстан Футбол Федерациясының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңіске жетсе, көп ұзамай (40-45+) еліміздің астанасында өткен Футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.