Ол кернеуі 10 кВ дейін резеңке және қағаз-май оқшаулағышы бар кабель желілерінің зақымдану орындарын сынау және анықтау үшін, сондай-ақ кернеуі 35 кВ дейінгі электр қосалқы станциялары мен тарату желілерінің жабдықтарын сынау және өлшеу үшін арналған. Зертхана 2500 В сандық мегаомметрмен, мультиметрмен, сандық микрометрмен, жерге қосу құрылғыларының параметрлерін өлшеуішпен жабдықталған.
Жылжымалы зертхана фургонының шанағы сэндвич-панельдермен жылытылған және металл қаптамамен қапталған. Қауіпсіздік мақсатында еден жоғары сапалы резеңке жабынға ие. Салонда техникалық персоналды тасымалдау үшін қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған екі жолаушы орындығы қарастырылған.
Аталмыш арнайы техника энергиямен жабдықтау дирекциясының мамандарына күштік кабельдердің зақымдану орындарын уақтылы және дәл анықтауға және ақауларды жою бойынша шаралар қабылдауға, алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.