19 жасында өңіріміздің спорт саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосып, салауатты өмір салтын насихаттауда көпке үлгі болған жас дарынға мұнайшылар атынан құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар, спортшының дүбірлі додаларда топ жарып, жүлделі орын иеленуіне себепші болып жүрген жеке бапкері Нұрлан Әлжановқа чемпион ұлдарды тәрбиелеп жүргені үшін жүрекжарды жылы лебіздер арналды.
Олимпиадалық спорт түрі болып саналатын еркін күрестен 97 келі салмақта Азия чемпионатында жүлделі орын алу – өте үлкен жетістік болып табылады.
Кездесу барысында балуанға алдағы үлкен байрақты бәсекелерде биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріну тілектері айтылды.