К 30-летию Независимости Казахстана | 01 шілде 09:02

Жылыойлық мұнайшылар үшін екпе алу орталығы ашылды

«Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының жұмысшылары үшін басқарманың бас кеңсесі жанында короновирус дертіне қарсы екпе алу орталығы ашылды.

«Екпе алу – короновирустан сақтанудың бірден-бір жолы екенін жақсы түсінеміз. Бізге ыңғайлы болу үшін компания барлық жағдайды жасап жатыр. «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының кеңсесі жанында ұйымдастырылған екпе алу орталығына Терең-Өзек кен алаңының 5 жұмысшысы келіп, екпе алдық. Өзімнің денсаулығым және туыстарым, жақындарым мен ұжымымның алдындағы жауапкершілігімді жақсы түсінемін. Сол үшін де ерікті түрде вакцина алдым, – дейді Айбек Сарқұлов, «Терең-Өзек» кен алаңының зерттеу операторы.

Айта кету керек, ембіліктер үшін Атырау қаласы Уәлиханов көшесіндегі 6-үй мекенжайында, сонымен қатар, Құлсары қаласындағы «Мұнайшылар» саябағының ғимаратында («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ кеңсесінің аумағында) екпе алу орталықтары ашылып, таңертеңгі 9-дан кешкі 18.00-ге дейін үздіксіз жұмыс істеуде. Мұнайшылардың екпе алуына жағдай жасау мақсатында Компанияға қарасты өзге басқармаларында да арнайы орындар ұйымдастыру қолға алынуда.