Аталмыш өнер шарасына әріптесіміз – «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы бастығының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сырымбек Сәрсембаев қатысты.
Айтыста Бас жүлдені қостанайлық ақын Айбек Қалиев иемденсе, І орынды атыраулық Серікбол Панабердиев жеңіп алды. Екінші орын Серік Қуанған (Өскемен) мен Нұрболат Нұғымановқа (Атырау) бұйырды. Ембілік Сырымбек Сәрсенмбаев үшінші орынды Рүстем Қайыртаймен (Абай) және Батыржан Кәдірбаймен (Атырау) бөлісті.
Сонымен қатар, Сырымбек Сәрсембаев Қазақстанның 3 қаласы, 17 облысынан 60 айтыскері қатысқан «Асыл домбыра» тележобасында да бақ сынады. Қатысушылар 3 адамнан команда болып құрылып, сынға түсті.