Биылғы 19 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сырымбек Сәрсембаев сайлаушылардың зор сеніміне ие болып, Атырау облыстық мәслихатының депутаттары тізіміне енді.
«Бұған дейін жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаты ретінде аймақ үшін маңызды тақырыптарды көтеріп, соның ішінде мұнайшылар мәселесін де қозғап жүрген әріптесімізге жаңа белесте сәттілік тілейміз» деп жазды Ембімұнайгаздың баспасөз қызметі.