«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясына ие болды. Марапат басқарма бастығы Ғибатолла Шанаевқа табыс етілді.
Айта кетейік, жылыойлық мұнайшылар өз еркілерімен қаражаттары есебінен биылғы жылдың өзінде жалғызбасты екі анаға баспаналар алып, қуаныш сыйлаған болатын.
Бұған қоса, мұнайшылардың қайырымдылық көмегі тек баспана сатып алумен шектелмеді. Ұжым үйлерге, дәлізге де жөндеу жасап, қоныс той иелеріне кілем, ыдыс-аяқ сыйға тарту етті.
Жуырда жауапты мамандар сыйлықты әр цехқа апарып, таныстырып, қайырымдылық жобалары мен акцияларды қолдап, ізгілік қасиетті өмірлік мақсат еткен жомарт мұнайшыларға алғыстарын білдірді.