К 30-летию Независимости Казахстана | 26 тамыз 11:33

Жұмыс күнін таңғы төртте бастайтын маман. Видео

Таңғы төртте көпшілік тәтті ұйқыда жатса, «Қазпошта» АҚ қызметкері, ақтаулық Сәнбала Ақботаева сүйікті жұмысына бет алады. Ол – сұрыптаушы. Поштаны сұрыптау және тасымалдау басқармасында еңбек етеді.

Күнделікті таңғы сағат 04:00-де басқа өңірлерден басылымдар вагондармен жеткізіледі және жергілікті баспаханалардан газеттер мен журналдар әкелінеді. Оларды сұрыптау, жөнелтілетін құжаттарды дайындау барынша мұқият және жедел жүргізіледі.

«Біздің жұмысымыз жылдамдықты талап етеді. Таңғы сағат 4-тен бастап орташа алғанда 2-5 мың газет данасын сұрыптаймыз. Таңертеңгі сағат 6-да олар жеткізуге дайын болуы тиіс. Сондықтан мен барлық жұмысты барынша тез жасауға дағдыландым», – дейді Сәнбала Ақботаева.

Жауапкершіліктің жүгін сезінетін ақтаулық маман «Қазпошта» АҚ-да 14 жылдан бері еңбек етеді.