К 30-летию Независимости Казахстана | 31 тамыз 09:59

Жұмысшы жастардың азаматтық белсенділігі жоғары

Жұмысшы жастарды әлеуметтік-қоғамдық өмірге тарту және олардың азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында «Қаражанбасмұнай» АҚ жас мамандар кеңесінің мүшелері «Риза Ана» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті.

Жиналыс барысында Қор мамандары жастар саясатын дамыту аясында елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар туралы айтып берді. Жастардың әлеуметтік белсенділігі көбінесе қоғамдық қозғалыстар арқылы жүзеге асырылады.

Осыған орай, Қор Түпқараған ауданы әкімдігінің қолдауымен іске асырылып жатқан жаңа жобаны таныстырды. Ол жұмысшы жастардың өңірді абаттандыру, әлеуметтік мәселелерді шешу жолында мемлекеттік органдармен байланыс орнатып, жастардың әлеуетін арттыру, оқыту, сондай-ақ коммуникацияларды нығайтуға бағытталған.

Жас мамандар пікір алмасып, бірқатар бастамалар көтерді. Айта кету керек, ҚБМ-да шамамен 10 жылдан бері компанияның даму жолындағы маңызды буын саналатын жас мамандар кеңесі жұмыс істейді. Кеңес мүшелері өндірістік міндеттерді орындап қана қоймай, әлеуметтік-қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысады.