К 30-летию Независимости Казахстана | 02 тамыз 13:33

Жұмысшылар балаларына – мектеп жабдықтары

«Қаражанбасмұнай» АҚ жергілікті кәсіподағы» ҚБ жаңа оқу жылы алдында мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балаларды қуантты.

Биыл кәсіподақ құрамындағы жұмысшылардың 400-ге жуық бүлдіршіні үшін білім ошақтары құшақ ашпақ. Мектепке асыққан балалар ата-анасымен бірге компания кеңсесіне келіп, арқасына алғашқы мектеп сөмкесін асынғанына дән риза.

Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту – ҚБМ-ның басты принциптерінің бірі. Сондықтан ҚБМ мұнайшылардың ұл-қызын оқу құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында материалдық көмек беріп жатыр. Келіп түскен өтініш негізінде 900-ге жуық балаға оқу құралдарын алу үшін қаржы бөлінді.

ҚБМ мен кәсіподақ ұйымының игі бастамасы бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Оқушыларды мектеп сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз ету тамыздың соңына дейін жалғасын табады.