7 мыңға жуық тұрғыны бар Темірбек Жүргенов атындағы ауыл облыс орталығы Ақтөбе қаласынан 320 шақырым жерде орналасқан. Соңғы уақытқа дейін «Қазақтелекомның» магистральдық желілеріне қосылу үшін мұнда мыс желілері пайдаланылды: абонент қосылу нүктесінен неғұрлым алыс болса, соғұрлым интернеттің жылдамдық көрсеткіштері төмен болды, нәтижесінде қол жетімді қызметтердің ауқымы қысқарды. Бұл ретте интернет жылдамдығы 8 Мбит/с аспады, ал мыс кабельдің электромагниттік кедергілерге сезімталдығы кесірінен қызмет сапасының айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқты.
2018-2020 жылдары еліміздің ірі операторы әртүрлі өңірлеріндегі ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салған соң бәрі өзгерді: бұл жоба ең заманауи технологияларды, соның ішінде GPON-ды пайдалана отырып, ауылдарда жергілікті кең жолақты қатынау желілерін орналастыруға мүмкіндік берді (Gigabit Passive Optical Network). Соңғы уақытқа дейін әрбір абонентке магистральға қосылу үшін жеке арнаны құрумен GPON қосылымын еліміздің жетекші байланыс операторы Қазақстанның қалалары мен моноқалаларында ғана жүзеге асырды, алайда 2023 жылы компания мамандары облыс орталығының аумағындағы алғашқы жергілікті талшықты-оптикалық желіні Темірбек Жүргенов атындағы ауылда қондырды.
«Оптикаға» көшудің арқасында бұл ауылдық елді мекеннің тұрғындары сапалы заманауи телекоммуникация қызметтерін – 20 Мбит/с жоғары жылдамдықтағы интернетті, интерактивті теледидар мен цифрлық телефонияға қол жеткізді. Қазақтелекомның интернеті ауыл тұрғындарының өміріне елеулі өзгерістер енгізді - Тәжімановтар отбасы қазір бос уақытының барлығын дерлік ғаламдық желіде өткізеді. Отағасы Руслан Тәжіманов заманауи технология бірнеше гаджет арқылы үйдегі бірнеше пайдаланушыға бір уақытта интернет-теледидар көруге, түрлі контент жүктеп алуға және онлайн ойындар ойнауға мүмкіндік беретінін айтты.
"Мүмкіндік пайда болған сәтте біз мыстан оптикаға бірден көшуді ұйғардық - және бірден айырмашылықты сезіндік. Компьютер мен мобильді құрылғыларды бір уақытта пайдаланғанның өзінде байланыс сапасы тамаша. Мен Қазақтелекомның біздің ауылда оптика салғанына өте қуаныштымын. Біз GPON технологиясы туралы естідік, бірақ, өкінішке орай, қосылудың техникалық мүмкіндігі болмады. Қазір қосылыстың жылдамдығы мен сапасы өмірдің барлық саласында маңызды болып тұрған уақыт. Біздің отбасымыз сегіз адамнан тұрады, әркім өз уақытын өз жұмысында өткізеді – біреу білім алады, біреу онлайн кітап оқиды немесе қашықтан жұмыс істейді. Бұл – өте ыңғайлы», - деді Руслан Тәжіманов.
Байланыс операторының оптикалық инфрақұрылымы бұрын облыс орталығындағы жеке сектордағы және облыстағы моноқалалардағы көпқабатты үйлер мен тұрғын үй құрылысын ғана қамтыған. Ауылда GPON желілерін орналастыру үшін «Қазақтелеком» мамандары әуе желілері мен жарықтандыру тіректерінің қолданыстағы инфрақұрылымын пайдаланды, олар арқылы ескірген мыс желілерін ауыстырып, «оптиканы» кеңейтті. Бұл 1500 порттың қолданыстағы абоненттік базасын жоғары жылдамдықты қосылуға көшіруге мүмкіндік берді, болашақта бұл елді мекендегі абоненттер саны еліміздің жетекші операторының желілеріне қосылғысы келетіндердің есебінен артуы мүмкін.
"Біз аймақта цифрлық инфрақұрылымды белсенді дамытуды, жаңа коммуникация желілерін салуды және қолданыстағыларын жаңғыртуды жалғастырудамыз. Биылғы жылы қалалар мен аудан орталықтарының жеке секторының тұрғындарын жоғары жылдамдықты байланыспен қамтамасыз етуге айтарлықтай күш салынуда. Темірбек Жүргенов ауылы – оптикалық желілерді тарту жобасын жүзеге асырып жатқан бірінші ауылдық елді мекен. Сол сияқты, біз абоненттерімізді басқа ауылдардағы мыс желілерінен заманауиларына қайта қосуды жоспарлап отырмыз, сол арқылы компания облыстың барлық тұрғындары үшін бірдей цифрлық мүмкіндіктер жасауға ұмтылуда», - деді «Қазақтелеком» АҚ «Желі» Дивизион» Бірлестігі қатынау желісін пайдалану департаментінің телекоммуникация желілерін пайдалану және қайта құру қызметінің басшысы Ольга Киреева.
Ақтөбе облысында қазірдің өзінде компанияның 40 мыңнан астам абоненті оптикалық байланыс желілері арқылы қызмет алуда. Бұл аймақтағы ауыл тұрғындарын «оптикаға» көшіру бойынша келесі ауқымды жоба облыс орталығы Ақтөбеден шалғайда орналасқан Ырғыз ауданында жүзеге асырылмақ. 3 мыңнан астам тұрғыны бар ауданда 1200 абонент компанияның телекоммуникациялық қызметтерін пайдаланып келеді.