Эмиссиядан кейінгі сыртқы тексеру шеңберінде қаржы құралдарының белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкестігі бағаланды, сондай-ақ тартылған қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы расталды.
2022 жылғы желтоқсанда «KEGOC» АҚ қазақстандық компаниялардың алғашқыларының бірі болып KASE Қазақстандық қор биржасында дебюттік «жасыл» облигациялар шығарды. Екі орналастырудың жалпы сомасы шамамен 32 млрд теңгені құрады.
Қаражат «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» және «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» инвестициялық жобаларын қаржыландыруға жұмсалды. Электр желілік объектілерді жаңғырту және жаңа электр желілік объектілерді салу тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, олардың электр энергиясына жұмсалатын шығындарын оңтайландыруға, сондай-ақ іске қосу жоспарланып отырған ЖЭК-тің жаңа объектілерін энергия теңгеріміне тарту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.