К 30-летию Независимости Казахстана | 14 тамыз 08:01

Грузияның Поти портында контейнерлік терминалдың іргетасына капсула салынды

Ол 2073 жылы ашылады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Грузияға жасаған іссапарында Поти портындағы контейнерлік терминалдың құрылысының іргетасына капсуланы қалау рәсіміне қатысты

Грузияның Қара теңіз жағалауында орналасқан аталған инфрақұрылымдық нысанның құрылысымен PTC Holding компанияларының қазақстандық көлік-логистикалық инвестициялық тобы айналысады. Мұның нәтижесінде Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүк тасымалының көлемі ұлғайтылады.

 

Бұл Грузияның ірі порттарының бірінде іске асырылатын Қазақстанның алғашқы инфрақұрылымдық жобасы. Оны іске асырудың белсенді кезеңі биыл қыркүйекте басталып, құрылыс жұмыстары қазан айында қолға алынады. Ал нысанды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Терминал 8 гектар аумақты алып жатыр. Оның жылдық қуаты 80 мың контейнерге (20 футтық көлемде) дейін қабылдауға қауқарлы болады.

«Контейнерлік терминал қазақстандық және Грузияның бизнесіне жүк ағындарын тек қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ осы маршрутта тиімді тарифтік жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа бұл Қазақстан мен Грузия арқылы транзиттік жүктердің қосымша көлемін тартуға әсер етуге тиіс», – деді Марат Қарабаев капсуланы салу рәсімінде.

Сондай-ақ, министр ТХКБ дамыту мәселесінде екі ел айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Марат Қарабаев Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін кеңейту үшін ауқымды жұмыс атқарғанын жеткізді.

«Ляньюньган портында Қазақстан мен Қытайдың бірлескен логистикалық орталығы және ҚХР шекарасында «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ порты сынды ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды. Каспий теңізінің жағалауында Ақтау және Құрық порттарының инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп келеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жолға қойылды. Қазір «Достық – Мойынты» теміржол учаскесінде ұзындығы 836 шақырым екінші теміржол торабы салынып жатыр», деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

 

Марат Қарабаевпен бірге капсуланы қалау рәсіміне Грузияның Экономика және тұрақты даму вице-премьері Леван Давиташвили, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин және PTC Holding-тің басқарма төрағасы Тимур Қарабаев қатысқанын айта кетейік.

«Қазір Грузия мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы дамудың жаңа кезеңіне қадам басым келе жатқанын атап өтумаңызды. Бұған 2022 жылы елдер арасындағы жүк айналымының 3 млн долларға жетіп, кейінгі жылы оның үш есеге артқаны дәлел. Бұл тұрғыда байланыс тиімді әрі сауатты дамыту үшін жүк тасымалының логистикасы бағытында инфрақұрылымды дамыту қажет», деді Леван Давиташвили.

Тимур Қарабаев Потидегі болашақ терминал ТХКБ-ның күретамырына айналып, бұл логистикалық маршруттарды әртараптандыру тұрғысынан қазақстандық кәсіпорындар үшін тиімді болатынын жеткізді.

«Ауқымды жүк ағындары мен маңызды жүк жөнелтушілер туралы айтар кездесе, біз белгілі бір нәрсеге сүйеніп сөйлеуіміз керек. Бұл тұрғыда порт инфрақұрылымымен жұмыс мінсіз жүргізілуі қажет. Атап айтқанда, жүктерді қабылдаудан бастап, рәсімдеу мен жөнелту процесіне дейін лайықты деңгейде қамтамасыз етілуге тиіс», – деді PTC Holding-тің басшысы.

Оның айтуынша, компания әрдайым логистикалық инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріп келеді.