К 30-летию Независимости Казахстана | 04 шілде 13:15

Ғылым қоры Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағымен кездесті

Ғылым қорында Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялар одағымен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Ақатов Қазақстанның Мұнай кәсіпшілігі сервистік компаниялары одағы Президиумының төрағасы Рашид Жақсылықовқа жобаларды гранттық қаржыландыру тетіктері туралы, Ғылым қоры қоржынындағы жобалар, сондай-ақ ғылым мен бизнесті интеграцияландыру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Жобаларды коммерцияландыру мүмкіндіктері мен салалық ғылыми әзірлемелердің экспорттық әлеуеті және венчурлық қаржыландыру қарастырылады.

Кездесу соңында қатысушылар ынтымақтастықтың одан әрі табысты дамитынына сенім білдірді. Тараптар бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруға келісті, яғни онда бизнес өкілдері мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсету саласындағы қажеттіліктерін баяндайды, ал ғалымдар бизнеске өз шешімдерін ұсынады.