К 30-летию Независимости Казахстана | 31 шілде 15:37

Халықаралық пошта Қытайдан Еуропаға алғаш рет пойызбен жеткізіледі

Қытай-Еуропа жүк пойыздары алғаш рет Шанхайдан Еуропаға халықаралық поштаны жеткізу үшін пайдаланылады. 

Салмағы 9,38 тонна болатын 520 қап пошта Шанхайдан Польшаның Малашевич портына жол тартып, сол жерден Еуропаның әртүрлі елдеріне таратылады.  

Бұған дейін Қытай поштасының Шанхай филиалы Еуропаға пошталық жүктерді теңіз және әуе арқылы жеткізіп тұрған. Жаңа Қытай-Еуропа Экспресс арнасы өсіп келе жатқан бизнес көлемі мен тұтынушылардың қажеттіліктерінің өзгеруіне байланысты қажет болды. Ол 29 Еуропа елдеріне, соның ішінде Ирландия, Дания, Ұлыбритания және Норвегияға халықаралық пошта жүктерін тасымалдауға мүмкіндік береді.