К 30-летию Независимости Казахстана | 06 тамыз 09:00

Хат тасудың хикметі

Салауатты өмір салтын қолдаушылар: «Көбінесе жаяу жүрсеңіз, деніңіз сау болады» деп айтады. Бұл сөздердің шынайылығын Алматы қаласында «Қазпошта» АҚ пошташысы Гүлмира Садақова жақсы біледі. Оның күнделікті «серуені» – 15 шақырымды құрайды.

Таңертеңнен бастап ол пошта бөлімшесінде газет, хаттар жинап, жолға шығатынына міне 15 жыл. Оның ойынша, жұмыстағы басты міндет-учаскелерге хат-хабарларды уақтылы жеткізу ғана емес, сонымен қатар әр адресатпен тіл табысу

«Учаскелердің бірінде мен 15 жыл жұмыс істеймін. Сол учаскеге барсам, өз ауылыма келгендей сезімде боламын. Тұрғындар мені қуанышпен қарсы алады. Біздің қарым-қатынасымыз өте жылы. Мен жақсы жаңалық әкелдім бе деп жиі сұрайды. Мен ашық адаммын, адамдармен сөйлескенді ұнатамын», – дейді Гүлмира.