ТОО «ХИМ-плюс» қызметкерлері үшін алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Жүрек-өкпе реанимациясы» тақырыбында практикалық мастер-класс өткізілді.
Сабақты Шу қаласының жедел жәрдем фельдшері Ахметов О.Е. жүргізіп, жүрек-өкпе реанимациясының негізгі алгоритмдерін түсіндіріп, оны іс жүзінде орындау тәсілдерін көрсетті. ⠀
Қызметкерлер алған білімдері мен дағдыларын офисте де, өндірістік алаңда да бекітуге мүмкіндік алды. Мұндай тренингтер персоналдың төтенше жағдайларға дайындығын арттырып, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін сақтауға ықпал етеді. ⠀
Айта кетейік, ТОО «ХИМ-плюс» жұмыс істеп келе жатқан бүкіл кезең ішінде бірде-бір жазатайым оқиға немесе өндірістік жарақат тіркелмеген. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.