К 30-летию Независимости Казахстана | 03 ақпан 09:30

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады?

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 3 ақпанда Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездеседі, деп хабарлайды SKnews ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ойын астана уақытымен сағат 19.50-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін биылғы турнирде екі мәрте кездесті. 2020 жылдың 17 қарашасында елордада «Металлург» буллиттен 2:1 есебімен басым түссе, 30 желтоқсанда «Барыс» овертаймдда аталған қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы бес ойынның төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Екі команда бұған дейін 45 мәрте шеберлік байқасты. Оның 27-де «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Металлургтің» мерейі үстем болды. Елордалық клуб олардың қақпасына 126 шайба соқса, өз қақпасына 113 гол жіберіп алды.

«Барыс» соңғы 10 кездесудің 5-інде басымдық танытты. Турнир кестесінде 51 ойыннан кейін 60 ұпаймен 12-орында келеді.