К 30-летию Независимости Казахстана | 05 сәуір 14:10

HR-Business academy: орнықты даму даңғылы

HR компаниялардың орнықты дамуында қандай рөл атқарады? HR мамандары өз ұйымдарына ұзақмерзімді мақсаттарға жетуге қалай көмектесе алады? Неліктен қызметкерлерге қамқорлық таныту маңызды? Осы және өзге де мәселелерді HR-Business Academy аясында «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті ұйымдастыратын HR Talks алаңында HR және ESG саласындағы сарапшылар талқылады.

HR-Business Academy – үздік тәжірибелерді енгізу үшін HR мамандарын кәсіби дамытуға және сертификаттауға бағытталған корпоративтік университеттің тарихи өнімі. Ел деңгейінде де, Қор тобы деңгейінде де тұрақты даму тақырыбына көп көңіл бөлінеді. 2022 жылы академия аясында келесі 3 құралды дамыту жоспарланып отыр:

HR Talks – пайдалы, үздік тәжірибемен алмасуға, жаңа трендтермен танысуға, өзгерістер жағдайында HR-процестерді қолдауға арналған коммуникациялық алаң. Модульдік оқыту – ESG және HR саласындағы үздік қазақстандық және әлемдік сарапшылардың HR қызметінде тұрақты даму тәсілдерін тәжірибеге бағдарланған қолдануды оқыту бағдарламасы. Оқыту «Қауіпсіздік мәдениеті», «Денсаулық және есендік», «Қоршаған ортаға ұқыпты қарау», «Білім беру есебінен командаларды нығайту» және «Таланттар мен мансапты дамыту» тақырыптары бойынша жүргізіледі. HR сыйлығы – қызметкерлерді басқару саласындағы жыл сайынғы үздік жетістіктерді марапаттау рәсімі.

КІЛЕҢ МЫҚТЫ

HR Talks алаңындағы кездесулерде «Самұрық-Қазына» АҚ тобының және Қазақстанның басқа да жетекші компанияларының 140-тан астам маманы мен HR саласының басшылары бас қосады. Жоба іске қосылған сәттен бастап келесі тақырыптарда 4 кездесу өткізілді:

«Орнықты дамудағы HR рөлі» жобасын іске қосу; «No Change No Game. Бейімделу – ұйымдардың қазіргі мәдениетіндегі ДНҚ-ның маңызды элементі»; «Кибершабуылдар мен кибертыңшылық қазіргі әлемнің жаһандық мәселесі ретінде. Корпоративтік секторда қорғауды қамтамасыз етуге арналған шешім»; «Таптаурын әдеттен тыс көшбасшылық».

КЕЗДЕСУДІ КӨПТЕН КҮТКЕНДЕ

Академияның алғашқы шарасын «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов ашып берді.

«Адами капиталды тиімді басқару – кез-келген ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің негізгі құралы. Бүгінде Қор компаниялары тобының алдында көптеген жаңа міндеттер мен сын-қатерлер тұр. Алға қойылған мақсаттарды сапалы іске асыру үшін мынадай жайттарды ескерген маңызды: ашықтықты арттыру және меритократия қағидаттарын қолдану, тұрақты даму қағидаттарына және барлық деңгейдегі қауіпсіздік мәдениетіне бейілділік», – деді ол.

 

Ғибрат Ауғанов

Спикер Қор рекрутингтік процестерді орталықтандыруға және автоматтандыруға кіріскенін атап өтті. Жақын арада адами ресурстарды басқару бойынша корпоративтік стандартты өзектендіру жоспарланып отыр.

ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтайыр Ахметов орнықты даму мемлекеттік тұрғыдан қалай қаралып жатқаны туралы айтып берді:

«Біз өз алдына дербес ел ретінде БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын қолдаймыз. Елдік деңгейде осы мақсаттарды іске асыру бойынша жол карталары қабылданды. Бұл мәселелер Мемлекет басшысының бақылауында. Ақпан айында Президент «ҚР мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын» бекітті. Бұл құжаттың басты идеясы – барлық процестерге көзқарасты азаматтардың қатысуымен шешімдер қабылдау үшін кеңестік «жоғарыдан – төменге» деген қағидаттан қазіргі заманғы икемге ауыстыру».

ESG тұжырымдамасы Қор тобында қалай көрінетіні туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Орнықты даму дирекциясының директоры Бағлана Мусина әңгімеледі:

«Барлық заманауи компаниялар енді тек ақшаға ғана құнықпай, жер-ана мен адамзат туралы уайымдап, ойлайды десек қателеспеспіз. «Самұрық-Қазына» қоры орнықты даму саласында әлемдік стандарттарды белсенді енгізуде. Сонымен қатар, біз осы идеяға серіктестерімізді тартуға тырысудамыз. Мысалы, біздің контрагенттеріміз бен жеткізушілеріміз үшін ESG саласындағы талаптар әзірленді. Сондай-ақ, барлық қоржындық компанияларға ESG-рейтингтерге қатысуға және позицияларын арттыруға тапсырма берілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ESG-рейтингін сәтті алса, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да оны алуға дайын екендігі туралы мәлімдеді».

 

Бағлана Мусина

Бағлана Мусинаның сөзінше, бүкіл ESG бағдарламасы адамдарға негізделген. Орнықты даму әртүрлілік және инклюзивтілік (гендерлік теңдік, қызметкерлердің тең құқығы, үміткерлерді ашық іріктеу), қызметкерлердің амандығы (еңбекті қорғау және қауіпсіздік, жұмыс кеңістігін жоспарлау, біліктілікті арттыру және оқыту, медициналық сақтандыру), work-life balance (дұрыс жұмыс тәртібін сақтау, қызметкерлердің физикалық белсенділігін арттыру, корпоративтік волонтерлік, әлеуметтік жобалар) сияқты жайттарды қамтиды.

Салауатты өмір салтын well-being тұжырымдамасында ілгерілету туралы Еуразиялық топтың (ERG) Персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі блогының салауатты өмір салты және спорт басшысы Олжас Оразбаев айтып берді:

«Біз қызметкерлерді спортқа тартуға көп көңіл бөлеміз. Кәсіби спортты да қолдап келеміз. Бірақ қазір басым назар әуесқойға аударылуда. Компанияның меншігінде көптеген жабдықталған спорт нысандары бар, олар қызметкерлердің, жергілікті халықтың компания жұмыс істейтін жерлерде жаттығуына, сондай-ақ жарыстар мен спартакиадаларды ұйымдастыруға белсенді пайдаланылады».

Сондай-ақ, Еуразиялық топ пандемия кезінде қызметкерлерді қолдауға үлкен көңіл бөлді. Компания ПТР-тестілер мен антиденелерге тестілер сатып алып, иммундау жүргізді, медициналық орталық құрылды.

Тағы бір маңызды бағыт – балалар спортын дамыту. Қызметкерлердің балаларының бәрі компанияның спорттық нысандарында тегін жаттығады. Ал олардың Қазақстандағы және шетелдегі жарыстарға сапарларын Еуразиялық топ төлейді.

«Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің консалтинг және рекрутинг жөніндегі басқарушы директоры Жарқын Тілеукенов well-being саласындағы трендтермен бөлісті, сондай-ақ осы ұғымның жалпы қабылданған тұжырымын тарқатты:

«Well-being – бұл адамның ішкі сезімі, күнделікті немен айналысатынына деген сүйіспеншілігінің үйлесімі, басқалармен жақсы қарым-қатынас, орнықты материалдық жағдай, мықты денсаулық және қоғам өміріне қосқан үлесі үшін мақтаныш пен осы жағдаяттардың өзара байланысы».

Спикер халықаралық зерттеулер дерегін келтірді, оған сәйкес 2019 жылы дамыған елдерде корпоративтік well-being енгізіп жатқан компаниялардың саны іс жүзінде 40%-ға дейін өскен. Сонымен бірге, ол компанияның орнықты даму деңгейі мен қызметкерлердің әл-ауқатының өзара байланысын атап өтті.

2022 жылдың алғашқы HR Talks кездесуінде қатысушылар осындай қызықты да құнарлы пікірлерін айтты.

Атап өтейік, Академия аясында кәсіби тақырыптар бойынша басқа да талқылаулар жоспарланған.

Сарапшылар HR саласының мамандарына өз компанияларының, жұмыс істейтін салаларының тиімділігін одан әрі арттыруға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін бағдарламалар мен іс-шаралар әзірлемек.

Самал НАУРЫЗОВА