К 30-летию Независимости Казахстана | 08 февраля 22:09

ІІІ Charity Samruk Marathon 2025

3 мамырда ІІІ Charity Samruk Marathon республикалық қайырымдылық марафоны өтеді. Спорттық іс-шара бүкіл ел бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-на қарасты компаниялардың мыңдаған қызметкерін және салауатты өмір салтын ұстанушыларды біріктіретін болады. Жиналған қаражат Самұрық-Қазына портфельдік компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға жұмсалады. Өткен жылғы марафоннан жиналған 127 миллион теңгеге  Астана қаласында 150-ден астам ерекше бала үшін арнайы 5 кабинет ашылды.  Charity Samruk Marathon-ның  басты мақсаты - қызметкерлер арасындағы корпоративтік рух пен бірлікті нығайту және игі іске атсалысу мүмкіндігі.  Марафонға тіркелу «Samruk-Kazyna Trust» қорының sk-trust.kz ресми сайтында жақын арада басталады.