Толық атауы International Labour and Employment relations association деп тарқатылатын қауымдастық Халықаралық еңбек ұйымының ғылыми-сараптамалық пікір алмасу ортасы есептеледі.
Жағымды жаңалық Сеул қаласында өткен ILERA 2018 дүниежүзілік конгресінің соңын ала Женевадан хат-лебіз түрінде жетті.
"Алқалы шараның жұмысына белсенді қатысқаныма қуанамын. Онда көп мәселе талқыланды. Мәселен өндірістік еңбек қатынастары, кәсіподақ қозғалысы, стратегиялық коммуникация, медиация және кикілжіңдердің шешімін табу тақырыптары кеңінен қаузалды", - дейді Е.Исмаилов.
Айтпақшы, шетелдік сарапшыларға Орталықтың озық өнімі - Әлеуметтік тұрақтылық индексі таныстырылып, MIT, Cornell University, Lunds University, MONASH Business School, University of Sydney сынды абыройлы зерттеу мекемелерінің жоғары бағасына ие болды.