К 30-летию Независимости Казахстана | 18 маусым 16:16

Ілияс Алдажаров SKCN Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі жаңа орынбасары болып Ілияс Алдажаров тағайындалды.

Ол компания жұмысының төмендегі бағыттарына жауапты болады:

жалдау төлемдерін бақылау және есепке алу; компанияның коммерциялық нысандары мен тұрғын үй қорын пайдалану; өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау; компания активтерін сату; сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, тәуекелдерді басқару.

Сондай-ақ Алдажаров «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша екінші дивизионның басшысы ретінде Шымкент қаласы және Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы білім ошақтарының құрылысына жетекшілік етеді.

Ілияс Алдажаров экономика, энергетика және іскерлік әкімшілік бойынша магистр дәрежесіне ие, жұмыс өтілі 30 жылдан асады. Әр жылдары Қаржы министрлігінде, ҚР ТЖМ, Астана қаласының энергетика басқармасында, «Астанаэнергосбыт» ЖШС және басқа да мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.