Қазақстандық диджей Иманбек америкалық рэп орындаушылары Lil Xan және KDDK-мен жаңа трек жазды. Бұл тректің ерекшелігі оған түсірілген видео Қазақстан мен АҚШ-та қатар түсірілген. Алғашқы бөлігі Америкада Lil Xan-ның қатысуымен түсірілсе, екінші бөлігі елордада Иманбекпен бірге түсірілген. Блогер Глеб Марвин түсірген бұл муд-видеоға, сондай-ақ, шоумен King Bach пен рэпер DESIIGNER де қатысқан.