«Пандемияның алғашқы толқыны кезінде бүкіл әлем зардап шекті. Осындай қиын-қыстау кезеңде біздің жұмысшыларымыз зор жауапкершілік және батылдық танытты, сырқаттанған әріптестерге көмектесіп, медициналық жабдықтар, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етті. Осындай шақта көрсеткен қолдауыңыз үшін алғысымызды білдіреміз», – деді ҚБМ Бас директоры Ли Тецян.
Айта кету керек, жыл басынан бері коронавирустық инфекциямен күреске қосқан үлесі және жұмыстағы белсенділігі үшін көптеген қызметкер марапатталды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.