Жиын барысында Құрықта паромға дейінгі сұрыптау стансасы мен жылдық қуаты 1 млн тоннаға дейінгі астықты қабылдауға қауқарлы терминалдың құрылысы талқыланды. Бұл арқылы Иран – Кавказ бағытында жүк өткізу қабілетін ұлғайтуға жол ашылады.
Ақтаулық теңіз сауда портында ұйымдастырылған кездесудің негізгі арқауы контейнерлік хабты құру және таяу маңдағы теңіздің түбін тереңдету, сондай-ақ №3 айлақты кеңейту, мұнай құюға арналған айлақтарды қалпына келтіру және қайта тиейтін техника паркін жаңарту мәселелеріне арналды.
Жұмыс сапарының соңында ҚР ИИДМ басшысы «Ақтау теңіз порты» АЭА-да болып, оның экономикалық тиімділігі, даму перспективалары мен өзекті мәселелеріне байланысты қызметкерлермен пікір алысты.