Егер сіз ІРО кезінде акцияларды сатып алғыңыз келсе, қор биржасына кіру мүмкіндігі бар арнайы делдал брокерге хабарласуыңыз керек. Сонымен қатар, сіз Tabys қосымшасына тікелей жазылу арқылы, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшелерінен акцияларды өзіңіз сатып ала аласыз.
Брокерлер қатаң түрде лицензия негізінде және қызмет көрсету түрлері туралы шарт жасалған жағдайда жұмыс істейді. Алаяқ брокерлерден қалай сақтануға болады?
Егер брокер сізге:
қоңырау шалып, қысқа мерзімде 100% пайда табуға кепілдік берсе; акция сатып алудың тәуекелдерін ескертпесе; шарт жасасқанға дейін төлем жасауды талап етсе Сіз алаяққа тап болуыңыз мүмкін. Өйткені, нарықтағы нақты жағдайды ешкім алдын-ала болжай алмайтындығын есте сақтаңыз. Қор нарығында ақша табуға да, салымдарды жоғалтып алуға да болады.Брокердің сенімді екеніне қалай көз жеткізуге болады?
лицензиясын тексеру; кеңсесінің орналасқан жерін, телефон номерлерін анықтау; брокердің қаржылық көрсеткіштерін көру; акционерлер құрамын, реттеуші салған санкциялардың болуын зерттеу.Брокер туралы ақпаратты www.aix.kz немесе www.kase.kz сондай-ақ, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан тексеруге болады.
Дереккөз: Samruk-Kazyna official