Онда «KEGOC» АҚ қызметінің 2024 жылдың 9 айы бойынша негізгі өндірістік және қаржылық нәтижелері, инвестициялық тартымдылық факторлары, сондай-ақ Компанияның даму жоспарлары туралы айтылды.
«KEGOC» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева компания табысының өсуінің оң динамикасын атап өтті. Компанияның 2024 жылғы 9 айдағы операциялық пайдасы 59 млрд теңгені құрады, өсім 59%-ды құрады. Ал таза пайда 47 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы кезеңмен салыстырғанда 18,4 млрд теңгеге немесе 64%-ға жоғары.
Қаржы директорының айтуынша, компания акциялары оң динамиканы көрсетіп келеді. SPO-ға шыққан (2023 ж. қараша) сәттен бастап акциялар сауда-саттығының жалпы сомасы 18,1 млрд теңгені құрады, бұл бағалы қағаздар нарығындағы жоғары өтімділікті көрсетеді.
Жалпы, компания акцияларын орналастырудың барлық кезеңінде төленген дивидендтердің жалпы сомасы 282 млрд теңгеден асты.