К 30-летию Независимости Казахстана | 05 маусым 12:42

Иран алдағы күндері елдің солтүстігінде Рашт-Каспий темір жолын ашпақ

Бұл туралы Iran.ru Иранның көлік және қала құрылысы министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап хабарлады, деп жазды Railnews.kz. 

Стратегиялық маңызды халықаралық «Солтүстік-Оңтүстік» транзиттік дәлізінің (INSTC) маңызды бөлігі болып табылатын теміржол президенттің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбердің қатысуымен өтетін салтанатты шарада іске қосылады деп күтілуде.

Ұзындығы 3️7 км болатын тас жол елдің оңтүстік және солтүстік порттарын біріктіріп, Иранның аймақ елдерімен және Еуропамен сауда байланыстарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.