2024 жылғы 21 шілдеде Априн (Иран) теміржол станциясында Иран, Қытай, Қазақстан және Түркіменстан өкілдерінің қатысуымен Иран – Қытай контейнерлік пойызын жөнелту рәсімі өтті.
Гипс ұнтағы бар 50 қырық футтық контейнерден тұратын құрам жалпы ұзақтығы 12 күн болатын Иран – Қазақстан – Қытай бағыты бойынша жолға шықты.
Бұл оқиға көлік дәлізін қалпына келтірудегі маңызды қадам болды, сондай - ақ маршрутқа қатысушы елдер арасындағы халықаралық сауда байланыстарын нығайтады.