Келісімшартқа сәйкес, Ирландия темір жолы тепловозды, сондай-ақ жабдықты орнату мен локомотивті сынау және оны сертификаттау үшін өндірістік нысанды пайдалануға береді.
Ал, DiGas компаниясы өз кезегінде локомотив қозғалтқышын дизельдік отынның орнына сутегін пайдалануға мүмкіндік беретін жабдық кешенін жасайды, оған қоса оны жеткізіп, орнатып береді.
Бұл жобаның өзгелерден айырмашылығы, мұнда қолданыстағы локомотив қозғалтқышына отын жасау үшін сутекті пайдаланады. Маневрлік тепловоздың дизельді қозғалтқышын сутегімен жүретіндей етіп түрлендіру бойынша ұқсас жобаны Alstom компаниясы 2022 жылы іске асырған еді.
Қазір екі тарап локомотивті сынақтан өткізуге дайындап жатыр, ол 2024-2025 жылдар аралығында іске аспақ.
Айта кетсек, Ирландияда 071 сериясындағы 18 тепловоз бар, оның 12-сі жүк тасымалдаушы пойыз. Егер сынақ сәтті өтсе бұл локомотивтер де сутегімен жүретіндей етіп жаңғыртылмақ.